Accessibility links

Қырғызстан үкіметінің жетекшісі отставкаға кетті


Ақылбек Жапаров
Ақылбек Жапаров

Қырғызстан үкіметінің жетекшісі Ақылбек Жапаров 16 желтоқсанда отставкаға кетті. Бұл жөнінде Азаттықтың Қырғыз қызметінің дереккөздері хабарлады. Олардың сөзінше, Жапаров президент әкімшілігі және министрлер кабинеті қызметкерлерімен қоштасқан.

Жапаровтың отставкаға кету себебі ресми түрде түсіндірілмеді.

Премьер-министрді отставкаға жіберу туралы жарлыққа президент Садыр Жапаров қол қойды.

Ақылбек Жапаров бұл қызметті 2021 жылдың қазанынан бері атқарған және Қырғызстанның жаңа тарихында премьер-министр қызметінде ең ұзақ отырған саясаткер атанды. Оның міндетін бірінші вице-премьер Әділбек Қасымалиев атқармақ.

Қырғызстанда қағаз жүзінде премьер-министрі қызметі жоқ, алайда оған ұқсас қызмет министрлер кабинетінің төрағасы деп аталады. Ол президент әкімшілігіне де жетекшілік етеді.

XS
SM
MD
LG