Accessibility links

Украина әскері бір түнде 50-ден астам Ресей дронын атып түсіргенін мәлімдеді


15 желтоқсанға қараған түні Ресей әскері Украинаға жүзден астам дронмен шабуылды деп хабарлады Украинаның қарулы күштері. 56-сы атып түсірілген, 49 дрон діттеген нысанаға жетпеді, тағы үшеуі Ресейге оралған.

Украинаның бірнеше аймағында құлаған дрон бөлшектері инфрақұрылым нысандары мен көп қабатты және жеке үйлерді бүлдірген.

Жексенбі күні таңертең дрондар Николаев қаласына шабуылдап, нәтижесінде инфрақұрылым нысаны бұзылған. Облыс әкімшілігінің жетекшісі Виталий Кимнің сөзінше, екі адам жараланған.

Днепропетровск облысында да жеке үйлерге шығын келген. Екі үй, көлік, газ құбыры және электр сымдары бүлінді деп хабарлады облыс әкімшілігінің жетекшісі Сергей Лысак.

XS
SM
MD
LG