Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
Астанада Қаңтар оқиғасынан кейін "20 мың террорист туралы жалған ақпарат таратты" деп президент Тоқаевтың үстінен арыз жазбақ болған азамат – Тимур Дәнебаевтың соты басталды. Украинадағы соғысқа қарсы пікір айтқан ол былтыр желтоқсанда "ұлтаралық араздық қоздырды" деген күдікпен қамалған еді.
Ресейде еңбек мигранттарына рейд жиіледі. Полиция олар тұратын елді мекендерді аралап, көзге түскен мигранттарды ұстап, учаскелерге апарады. Осындай жағдай Санкт-Петербург қаласында да болды. Полиция мигранттардың кейбірін ұстау кезінде соққыға жыққан.
Бірнеше басылым "Санкцияны бұзу. Дрондар мен чиптер Ресейге Қазақстан арқылы қалай жетеді?" атты зерттеу жариялады. Журналистер былтыр соғыс басталғанда тасымалына тыйым салынған дрондарды Қазақстанда тіркелген екі компания Ресейге жеткізіп отырғанын анықтаған.
Қазақстан мен Қытай өз азаматтары туралы ақпарат алуға уағдаласты. Бұл келісімге президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 17-19 мамыр күндері Қытайға сапары кезінде қол қойылған. Құқық қорғаушы келісімнен саяси қуғын көргендер зардап шегуі мүмкін дейді.
11 мамырда Ресейдің Самара қаласының соты қазақстандық Абзал Есенді "есірткі тасымалдау" бабымен жеті жылға соттады. Туыстарының сөзінше, Абзал айыпты мойындамайды. Ол сот кезінде ана-анасына түрмеде өзін "Украинадағы соғысқа алып кетуі мүмкін екенін" айтқан.
Қазақстанда несиесін өтей алмай, төлеу мерзімін кешіктірген азаматтарға өзін банкрот деп жариялауға мүмкіндік беретін "Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы" заң күшіне енгеніне 2,5 айға жуықтады. Ресми мәлімет бойынша, өзін банкрот деп тануға 15 мамырға дейін 51 мың азамат өтініш берген.
Жаңаөзен қаласында тұрақты жұмыс сұраған 15 шақты тұрғын екі күннен бері аштық жариялап жатыр. Қала билігі оларды "ұсынған жұмысқа бармайды" деп кінәлады.
Мәжіліс депутаттарының кейбірі мемлекеттік телеарнада, бұған дейінгі жұмыс орны – YouTube-арнасында әлі эфир жүргізеді. Бірі тегін істейтінін, тағы бірі айлық алатынын айтады. Заңда депутаттың шығармашылық қызметпен айналысуына тыйым жоқ, бірақ бір заңгер депутаттардың әрекетінен қайшылық көреді.
2 сәуір күні Алматы мен Астана қаласында тіркелмеген "Алға, Қазақстан" партиясын жақтаушыларды полиция ұстап әкетті. Әлеуметтік желіге тараған видеоларда кейбірінің көлігін тоқтатып, ішіне газ шашқан, кейбірін машинасымен қоса тиеп әкеткен. Ішкі істер министрлігі түсініктеме бермей отыр.
Азаттық тілшісі мәжіліске өткен депутаттардан "Қаңтар оқиғасында оқ атқан, оқ атуға бұйрық берген адамдарды жауапқа тартуды талап етесіз бе?" деп сұрады. Депутат қызметіне кірісетін спортшы Ардақ Назаров, журналист Мақсат Толықбай, ақын Ринат Зайытов, заңгер Абзал Құспан не деді?
Қазақстан Конституциясына сәйкес, мәжіліс сайлауынан соң үкімет жұмысын доғарып, қайта жасақталуы тиіс. Бірақ инфляцияның өсуіне, азық-түліктің, тауардың қымбаттауына тосқауыл қоя алмай, сынға қалған Әлихан Смайылов кабинеті тарай ма, жоқ па, белгісіз. Шешім шығару құзыреті президенттің қолында.
Жоғарғы сот Қаңтар оқиғасына байланысты сотталып, түрмеге қамалған шымкенттік белсенді Жанмұрат Аштаевты ақтады. Ол "жаппай тәртіпсіздікке шақырды және оны ұйымдастырды" деп айыпталып, 3 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылған. Ал онымен бірге сотталған Ләззат Досмамбетова рақымшылыққа ілікті.
Ресей президенті Владимир Путинге алғыс айтқан Қазақстан халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаевтың сөзінен соң басталған дау сотта жалғасты. Белсенді Арман Шораев бұрынғы коммунистер партиясын "сатқындар" деген. Партияның басқа бір мүшесі бұған шамданып, "ар-намысыма тиді" деп сотқа берді.
Қазақстанның ішкі істер министрлігі журналистерге шабуылды үйлестіргендер мен оны орындағандар ұсталғанын мәлімдесе де, тапсырыс беруші кім екенін әлі жарияламады. Құзырлы орган шабуылдың мақсаты "президентті дискредитациялау" дейді.
Қазақстан тұрғындары жер сілкінісінен зардап шеккен Түркияға жылу жинап жатыр. Бір топ ерікті киім-кешек пен басқа да қажет заттарды топтастырса, тағы бір топ адам 100 киіз үй жеткізіп бермек.
Бүгін "Нұр Отанның" жалғасы – "Аманат" партиясы құрылтай өткізді. Партия жиыны сайлауға 119 кандидат ұсынды. Олар бірмандатты округтерге берілген 29 орыннан да дәмелі. Ұсынылғандар арасында айтыскерлер, спортшылар, журналистер мен блогерлер бар.
"Ақ жол" партиясы Астанада кезектен тыс съезд өткізіп, алдағы мәжіліс сайлауына түсетінін мәлімдеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатын қолдайтынын айтқан "парламенттік оппозицияның" мәжіліске ұсынған тізіміне енгендердің көбі – бұрынғы депутат.
Былтыр тамызда әскерде өзіне қол салып, мерт болған жауынгердің ісі бойынша сот сараптамасын ашық жариялаған адвокат этиканы сақтамады деп айыпталды. Ішкі істер министрлігі адвокат Сержан Пралиев қызметтік тексеріс жүргізуді ұсынды. Адвокат мұны қысым деп қабылдап отыр.
14 жастағы Ақбота — арба үстіндегі биші. "Билегенде ұшып жүргендей болам" дейді. 14 жасар қыз үшін өнердің бұл түрі өмірінің айнымас бөлігіне айналған. Қазір аптасына үш рет жаттығып жүр. Азаттық жас бишінің өнерін тамашалап, арманын біліп қайтты.
5 қаңтарда Қазақстан парламенті тура бір жыл бұрын болған Қаңтар оқиғасына байланысты құзырлы органдардың жауабын тыңдады. 238 адам қаза тауып, 5 мыңдай азамат жараланған оқиғаны бас прокурор "ұйымдастырылған" деді және дәлел жеткілікті екенін айтты.
Тағы