Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
Екі жыл бұрын елде атом электр станциясын салу-салмау дауы кезекті рет көтерілген шақта «халықпен ақылдасу» қажетін ескертіп, жұртты тыныштандырған президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен аптада «Қазақстанға АЭС қажет» деп кесіп айтты. Президент сөзі басылып қалған дау-дамайды қайта көтерді.
Қазақстанда оқып жүріп, пандемияға байланысты өз еліне кеткен ауған студенттері оқуды жалғастыра алмай қаламыз деп алаңдайды. Олар Қазақстан құжат жағынан көмектеспесе, елден шыға алмаймыз дейді. Үкімет құлап, Кабулды "Талибан" басып алғалы Ауғанстанда сырттан көмек сұрайтындар көбейді.
Ауған билігі құлап, тәліптер Ауғанстанды толық бақылауға алған тұста тұрғындар үйлерін тастап елден қаша бастады. Ауғанстан қазақтары да Қазақстаннан көмек сұрайды.
Қазақстанға америкалық Pfizer вакцинасы қазан айында келмек. Апта басында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жаңа екпені тек балалар мен жүкті әйелдер алатынын айтты. Әзірге неше жастан, қалай, қанша адамға егілетіні белгісіз. Бірақ елде Pfizer-ді күткен жұрт көп.
Кейінгі күндері елде коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар көбейіп барады. Тамыздың басынан бері елде өлім көрсеткіші жүз адамнан кемімеді. Азаттық коронавирус орталығына айналған ауруханаға барып, жақындарынан айырылған тұрғындардың кейбірімен сөйлесті.
Азаттық тілшісі Шымкенттегі коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдайтын орталыққа айналған N2 қалалық аурухананы аралап көрді. Мұнда 370-ке жуық науқас емделіп жатыр. Олардың көбі тыныс алу аппаратының көмегімен демалады.
27 шілдеде Нұр-Сұлтан іргесіндегі Қосшы ауылы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен облыстық деңгейдегі қалаға айналды. Ресми дерек бойынша, мұнда 80 мыңға жуық адам тұрады. Мәртебесі өзгерген елді мекеннің шешілмеген мәселесі көп.
29 шілде түн жарымында Шымкенттің "Шымсити" ықшамауданының тұрғындары автокөлік жолын бөгеді. Ауыз су сапасына наразы бұдан басқа амалы қалмағанын айтады. Айтуынша, оларға ескі құбырдың иісітенген лай суын қосқан. Оқиға орнына полицейлер мен аудан әкімі келді.
26 шілдеде Қазақстанда бір күнде коронавирустан 110 адам қайтыс болды. Бұл - пандемия басталғалы бергі ең үлкен көрсеткіш. Нұр-Сұлтан вирус жұқтыру жағынан да, өлім саны жағынан да алда тұр. Жақындарынан айрылғанын айтқан тұрғындардың көбі карантин ережесін сақтамайтын адамдарға кінә артады.
Қазақстанда ауыл, кент, шағын қала әкімдерінің сайлауы өтті. Әзірге толық нәтиже белгісіз. Аймақтық сайлау комиссиялары науқанда заң бұзу болмағанын айтады, тәуелсіз бақылаушылар заңсыздық көп дейді.
Қазақстан билігі саяси реформаларға серпін береді деп дәріптеген ауыл әкімдерін сайлау қалай өтті? Азаттық тілшілері Қазақстанның әр түкпірінен бақылаған учаскелерде адам аяғы сирек. Ел ішінде "біздің даусымыз ештеңе шешпейді", "жүйе өзгермей ештеңе болмайды" деген көңіл-күй байқалады.
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында тағы да ереуіл. Қала тазалығымен айналысатын жұмысшылар жалақыны жүз пайыз өсіруді талап етті. Олар қымбатшылық қысып, мәжбүр болғаннан осындай қадамға бардық дейді.
Әлеуметтік көмекші Алмагүл Оразалина мен мүгедек арбасына таңылған Анна Вервейннің астанадағы өмірі. Олар мүмкіндігі шектеулі жандарға тіпті мемлекеттің орталық қаласында қолайлы жағдай жасалмағанын айтады.
Әлеуметтік көмекші Алмагүл Оразалина мүгедек арбасына таңылған Анна Вервейнге алты жылдан бері көмектесіп келеді. Олар мүмкіндігі шектеулі жандарға астананың өзінде қолайлы жағдай жасалмағанын айтады.
6 шілде Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні қарсаңында Қазақстан билігі оған тағы екі ескерткіш сыйлады. Біреуін астанаға, біреуін Түркістан қаласына орнатты. Бірақ Назарбаевтың өзі "тірі кезінде ескерткіш қойылғанын қаламайтынын" айтқан.
"Қазақстанда соңғы кезде азық-түліктің күрт қымбаттап жатқаны халықтың наразылығын күшейтеді" дейді әлеуметтанушы. Ал экономист сөзінше, тұрғындары табысының жартысынан көбін тамаққа жұмсайтын ел кедейшілік алдында тұр.
14 маусымда Нұр-Сұлтанда бір топ белсенді "экстремистік ұйымның жұмысына араласты" деп айыпталғандарға араша сұрап, АҚШ елшілігіне барды.
Қазақстанда сот шешімдеріне разы болмай, Ақорда, парламент үйлері алдына келіп, жиі наразылық білдіріп жүрген тұрғындар арыз-шағымдарын АҚШ елшілігіне барып айтты. Заңгердің сөзінше, судьялар халықтың алдына шығып, әр үкімін жан-жақты түсіндірмей бұндай наразылық тоқтамайды.
Қазақстанда азық-түлік қымбат. Ауладағы тұрғындардың да, әлеуметтік желідегі жұрттың да айтатын әңгімесі – осы. Дүкен иесі "қарыз дәптерінің" қалыңдап бара жатқанын айтады.
Бүгін, 9 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент болып сайланғанына екі жыл толды. Депутаттардан "Тоқаев саясатының екі жылдағы кемшілігі мен жетістігі қандай?" деп сұрадық.
Тағы