Соғысты ұмытпаудың сыры неде?

Журналист Андрей Свиридов.

Журналист Андрей Свиридов.

Бұрын СССР құрамында болған елдер азаматтарының санасынан соғыс уақытындағы ұрандар мен категориялар неге өшпей келеді? Бұл тақырыпты AzattyqLIVE хабары Андрей Свиридовпен орыс тілінде талқылады.

2016 жылы 22 маусым күні «Ұлы Отан соғысы» басталған еді. Биыл бұл датаға 75 жыл толады. Бұрын СССР құрамында болған мемлекеттерде «Ұлы Отан соғысы» деп Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде гитлерлік Германияның Совет Одағына (СССР) жасаған шабуылын атайды.

Алайда бұрынғы социалистік лагерь елдері тұрғындарының санасынан осынша ұзақ уақыт өткеніне қарамастан, сол соғыс кезінде айтылған ұрандар мен ойлау категориялары жойылар емес. Тіпті кейінгі жылдары «фашист», «ерлік», «Сталин» сөздері қайтадан жиі айтылып, көліктерге Георгий ленталары мен осы соғыстағы жеңіске байланысты түрлі сурет немесе сөйлемдер жапсыру көбейді.

Бұл сәнге айналған түсінік пе, әлде кейінгі жылдардағы оқиғаларға адамдардың реакциясы ма? Соғысты ұмытпау мен оны дәріптеудің арасында қандай айырма бар? Қазақстанда СССР мен Германия арасында болған сол соғысқа қандай көзқарас қалыптасып келеді? AzattyqLIVE хабарының сарапшысы журналист Андрей Свиридов болды.