Финляндия Ресеймен шекарасына дуал тұрғызбақшы

Финляндия мен Ресей шекарасында. Көрнекі сурет.

Финляндия мен Ресей шекарасында. Көрнекі сурет.

Финляндия Ресеймен шекарасында қоршау тұрғызуы мүмкін. Бұл туралы Финляндия ішкі істер министрі Криста Микконен хабарлады. 9 маусымда үкімет парламентке шекара қызметі туралы заңға тиісті өзгертулерді неғұрлым тезірек енгізу жөнінде ұсыныс жасады.

Дуал құрылысынан бөлек, шекарашы санын көбейтіп, жаңадан техникалық бақылау құралдары мен барлаушы ұшақтар сатып алу көзделген. Бұл мақсатқа қажет қаржы көктемде бөлініп қойған. Микконеннің сөзінше, шекара қызметі көрші елдің саяси қысым жасауға мигранттарды пайдаланатын "гибрид ықпалына" тойтарыс беруге де дайын болуы керек. Мұндай тәсіл 2021 жылы Беларусь пен Польша шекарасында қолданылаған.

Сонымен бірге шетелдіктер туралы заңға да өзгерістер енгізілмек. Финляндиядан пана сұраушылардың өтінішін шекара бекетінде қабылдап, бірден қарайтын болады. Бұл Финляндияның өзге аймағына немесе Еуропа одағының өзге елдеріне мигранттардың ағылуына жол бермеу үшін жасалады. Үкімет баяндамасында халықаралық жағдайдың өзгеруіне байланысты Финляндияның жақын арада және ұзақ мерзімде "гибрид ықпалдың" кең көлемді әрі күрделі түрлеріне дайын болуға әзірленіп жатқаны айтылған.

Финляндия мен Ресей арасындағы шекараның ұзындығы 1271 километр, шекарадан ел астанасы Хельсинкиге дейін 200 шақырым.

Ресей күштері 24 ақпанда Украинаға басып кірген соң бұған дейін бейтарап мемлекет болған Финляндия НАТО ұйымына кіруге тілек білдірді. Көп ұзамай ресми Хельсинки Солтүстік-атлантикалық әскери одаққа тиісті өтінішін тапсырып та қойды. Бірақ осы одақтың бір мүшесі Түркия Финляндияны ұйымға қабылдауға қарсы болып отыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Финляндия мен Швецияның НАТО бойынша Түркиямен кездесуінен нәтиже жоқНАТО Финляндия мен Швецияны қатарына қабылдаса, қару-жарағы немен толығады?Ердоған Швеция және Финляндия басшыларына талаптарын қайталадыШвеция мен Финляндия НАТО-ға қосылуға өтініш бердіФинляндия мен Швеция НАТО-ға қосылу жөніндегі жоспарын ресми түрде жариялады