Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
СПОРТ
Олимпиада қарсаңындағы Рио
31 шілде 2016 жыл, 09:15
Руслан МЕДЕЛБЕК
Рио олимпиадасы қарсаңында қалада күзет күшейтіліп, кей нысандарда жөндеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Риода жүрген Азаттық тілшісінің фоторепортажы.
1
Олимпиада алдында қаладағы туристер көп жүретін аймақтарда күзет күшейтілген. Полиция көшеде қарумен жүреді. Рио-де-Жанейро. 30 шілде 2016 жыл.
2
Қаладағы метро бекеттерінің біріндегі қарулы күзет. Рио-де-Жанейро. 30 шілде 2016 жыл.
3
Ипанема жағажайында демалушыларға бас орамал сатып жүргендер. Бразилия үкіметінің есебі бойынша, олимпиада кезінде қалаға жарты миллион турист келмек. Рио-де-Жанейро. 30 шілде 2016 жыл.
4
Рио олимпиадасында қызмет ететін еріктілер. Қала орталығында олимпиадаға арналған ірі бильбордтар мен жарнамалар өте аз. Рио-де-Жанейро. 30 шілде 2016 жыл.
5
Рио қаласында көлік кептелісі басты мәселелердің бірі. Қала орталығынан олимпиада паркі орналасқан Барра ауданына жету үшін бір жарым сағаттай уақыт кетеді. Қалада қарапайым кондиционері жоқ автобустың билеті 3, 80 реал (шамамен 1,5 доллар), ал кондиционері мен интернеті бар автобус билеті 10 реал (шамамен үш доллар) тұрады. Рио-де-Жанейро. 30 шілде 2016 жыл.
6
Олимпиада паркінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан құрылысшылар. Қазір Риода кей олимпиадалық нысандарда жұмыстар соңына жетіп қалды. Рио-де-Жанейро. 30 шілде 2016 жыл.
7
Копакабана жағажайында құмнан тұрғызылған олимпиадаға арналған мүсін. Оның жанында суретке түсу үшін бір реал (шамамен - жарты доллар) төлеу керек. Рио-де-Жанейро. 30 шілде 2016 жыл.
8
Рио олимпиадасы кезінде жағажай волейболы өтетін арена қаладағы Копакабана жағажайында орналасқан. Рио-де-Жанейро. 30 шілде 2016 жыл.
9
Рио олимпиадасы кезінде жағажай волейболы өтетін аренаның ішкі көрінісі. Рио-де-Жанейро. 30 шілде 2016 жыл.
10
Олимпиада паркінің ішінде жүрген еріктілер. Рио-де-Жанейро. 30 шілде 2016 жыл.
11
Риода соңғы бір аптада күн бұлтты әрі салқын болды. Соған қарамастан жағажайларда демалушылар көп. Рио-де-Жанейро. 30 шілде 2016 жыл.
12
Риодағы Копакабана жағалауындағы демалушылар. Рио-де-Жанейро. 30 шілде 2016 жыл.
Олимпиада қарсаңындағы Рио
Ұқсас
Олимпиада қаласында күзет күшті
XS
SM
MD
LG