Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ФОТОРЕПОРТАЖ
Күрестен Азия чемпионаты
5 наурыз 2018 жыл, 10:09
Руслан МЕДЕЛБЕК
27 ақпан - 4 наурыз аралығында Бішкекте (Қырғызстан) күрес түрлерінен Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы 4 алтын, 2 күміс, 11 қола медаль иеленіп, жалпы есепте 4-орын алды. Алғашқы үштікке Қытай, Иран және Өзбекстан енді.
1
Грек-рим күресінен Алмат Кебіспаев (67 кг, сары формада) финалда жапониялық балуан Цучика Шимоямадоны жеңіп, алтын алды. Алмат 2017 жылғы Азия чемпионатының финалында жеңілген. 2011 жылғы құрлық біріншілігінде чемпион атанды.
2
Грек-рим күресінен Асхат Ділмұхаммедов (82 кг, сары формада) финалда қырғызстандық Атабек Азизбековты жеңіп, алғаш рет Азия чемпионы атанды.
3
Еркін күрестен 65 келіде қазақстандық Дәулет Ниязбеков финалда жапониялық Даичи Такатаниді жеңіп, Азия чемпионатында үшінші рет алтын алды. Ол 2015 жылы Делиде және 2016 жылы Бангкокта өткен Азия біріншілігінде жеңіске жеткен.
4
Қазақстанға Ресейден келген легионер Артас Санаа (61 кг, сары формада) да Азия чемпионатында алтын алды. Ол финалда жапониялық Казуи Коянагиді жеңді. Санаа 2017 жылы Делиде өткен Азия чемпионатында қола иеленген.
5
Грек-рим күресінен Демеу Жадыраев (72 кг, сары формада) финалда қырғызстандық Ақжол Махмұдовтан жеңіліп, күміс алды.
6
Еркін күрестен 92 келіде Әділет Даулембаев (ақшыл формада) алтынға таласта ирандық Мохаммед Жавад Эбрахимиден жеңіліп, күміс алды.
7
Әйелдер күресінен Рио олимпиадасының қола жүлдегері Эльвира Сыздықова Бішкектегі Азия біріншілігінде де қола алды. Сыздықов Азия чемпионатында бұған дейін екі күміс, бір қола иеленген.
8
Өзбекстан құрамасындағы этникалық қазақ
Елмұрат Тасмұратов
грек-рим күресінен 63 келіде Азия чемпионы атанды. Ол жартылай финалда қазақстандық Мейрамбек Айнағұловты жеңді.
Күрестен Азия чемпионаты
Ұқсас
Олимпиада: құлау және сүріну
Олимпиадаға қатысатын Қазақстан спортшылары
Шаңғышылар үшін сәтсіз күн
Тұрсынбаева мен Мамбекованың олимпиададағы өнері
Беларусь командасындағы биатлоншы қазақ
XS
SM
MD
LG