Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ФОТОРЕПОРТАЖ
Өмірге өзгеше құштарлық
4 мамыр 2016 жыл, 08:20
Балжан БАЛТАШЕВА
Мүгедектігіне қарамастан, спортта үлкен жетістікке жеткен жастар туралы фоторепортаж. Олардың кейбірі "Ақжол-М" қорының қамқорлығында. Бұл қор мүмкіндігі шектеулі жастар мен балаларға арнап шынықтыру-сауықтыру орталығын ашуды жоспарлап отыр.
1
Ардан - 18 жаста. Диагнозы - көз жүйке талшықтары абиотрофиясы. "Голболмен биыл ақпаннан бері айналыса бастадым. Қазақстанға бұл спорт енді келіп жатыр. Бірақ ол Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің көзін емдеу мақсатында Совет Одағында пайда болған" дейді ол.
2
Ардан "Голбол, жүзу және шахматпен айналысамын. Жүзумен айналысқаныма үш жыл болды. Көптеген аудандық және облыстық жарыстарға қатыстым. Мен үшін спорт - жігеріңді жанитын, рухыңды шынықтыратын дүние. Өзіме сенетін болдым, мақсаттарыма жете бастадым. Музыканы жақсы көремін. Мектеп оркестрінде домбыра шертемін. Болашақта қайырымдылық шараларын ұйымдастырумен айналыссам деймін, мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай жасауға көмектескім келеді. Өйткені алдымыздан қандай қиыншылықтар шығатынын білемін. Бізге адамдардың қолдауы, олармен араласу ауадау қажет. Бала кезімнен мені мүсіркеген емес, керісінше жаңа дүниелерді үйренуге баулыған" дейді.
3
23 жастағы Иван Глазырин. Оның диагнозы - дененің жоғарғы бөлігінің артрогриппозы. Ол айналысатын негізгі спорт түрі - жүзу.
4
Иван Глазырин құрбысы Валентинамен бассейнге бара жатыр.
5
Иван Глазырин "Жүзумен бесінші жыл айналысып жатырмын. Спорттың арқасында тәнім де, жаным да шынығып келеді" дейді.
6
Иван Глазырин "Су - тіршілік нәрі. Бұл - дүниедегі ең ғажайып нәрсе. Жарысқа дайындалғанда барымды саламын" дейді.
7
Иван Глазырин "Бұрын бәрін тастап, ешкімнің көзіне түспей безіп кеткім келетін. Бірақ уақыт өте түсінесің - өмір бір-ақ рет беріледі және оны дұрыс өткізу керек. Өмірден қашып, жұрттан тығылу - жалықтыратын қылық. Кейде бұдан ары күресуге шипам бітті деп түңіліп кетемін. Бірақ өзімнің мықты екенімді, қолымнан бірдеңе келетінін ұқтым. Өзімді жігерлендіріп отырамын. Әрине достарым мен туыстарыма рахмет - олар мен демеп келеді. Үйдегілер маған сенеді, мен оларға сенемін. Сенім - тылсым күш, қуат береді. Бірақ бір нәтижеге жету үшін еңбектенуің керек" дейді.
8
Иван Глазырин ермек ететін дүние көп. Ол кәмпит қабықтарын жинайды, олардан алқа жасайды. "Бұл саусақтарымды дамытуға көмектеседі. Бала кезімнен сурет саламын. Шет тілдерін оқып жатырмын, ән айтамын. Сурет салу мен спорт сүйікті ісіме айналды. Әркім-ақ нәтижеге жете алады. Тек тұйықталып қалмай, жақсы адамдармен байланыс орнату керек. Жаттықсам, жай емес, жарыс үшін жаттығамын. Сурет салсам, жаныма жаққан дүниені саламын. Сөйтіп, көңілімдегі алаңды басамын. Армандауға құмармын. Армандарым мақсаттарға ұласады, одан ары мүмкіндіктер пайда болады. Бұрын мен танымал суретші болсам дейтінмін. Қазір оған көп еңбек сіңіру керек екенін түсінемін. Адам бір орында отырмауы керек. Қазіргі жоспарым - Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының көркемсурет бөліміне түсу" дейді ол.
9
40 жастағы Валентина "Жүзумен айналысамын. Спорт ұнайды. Кейде бәрін тастап, безіп кеткім келеді. Бірақ рухыңды шынықтыру үшін спорт керек екенін ойлайсың. Мені күйеуім қолдап келеді. Қандай істе болсын төзім мен шыдам керек екенін ұқтым. Асықпау керек, сол кезде бәрін жасап шығасың. Қолым боста кілем тоқимын, қолөнермен айналысамын. Мүгедекпін деген ойға берілмеймін, өйткені, мені қолдайтын туыстарым мен достарым бар. Солардың арқасында басқалар сияқты қарапайым адам екенімді түсіндім. Соғыс болмағанын, адамдардың бейбітшілікте өмір сүргенін армандаймын. Өмірлік ұранымды баяғыда тауып, бекітіп қойғам: ол - "жеңу, жеңу, тағы да жеңу" дейді.
10
20 жастағы Жанымханның көзі нашар көреді. Ол шахматпен, дойбымен, голболбен бес жылдан бері айналысады. Шахматтан Қазақстанның жастар арасындағы чемпионы. 2013 жылы Малайзияда өткен паралимпиадада көзі нашар көретіндер арасында Азия чемпионы болды.
11
Жанымхан "Егер Құдай сенің бір жеріңді кем жаратса, басқа қабілетіңді артық етеді" дейді. Ол "Сондықтан, кемшіліктеріңді тізе бермей, қолыңнан келетін дүниені жетілдір. Кез келген адам - мүгедек те, сау кісі де еңбек етуі керек. Еңбексіз нәтиже жоқ. Арманым - әлем чемпионы болу" дейді.
12
18 жастағы Серік аяқтарынан айырылған. Ол спорттың паралимпиадалық түрлерімен төрт жылдан бері айналысып келеді. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атануға кандидат. 2013 жылы Малайзияда өткен Азия жасөспірімдері паралимпиада ойындарының қола жүлдегері. Алматының отырып ойнайтын волейбол командасының капитаны. Ол Қазақстан жасөспірімдерінің паралимпиада құрамасының да жетекшісі.
13
Серік "Қайғыдан жігерім құм болды, қозғала алмай қалдым. Ұзақ отыра да алмайтын едім. Айналамдағы адамдарға масыл боламын деген ой келді. Содан кейін өзімді-өзім қайрап, іске кірістім. Аяқтарымның ауырғаны мен қиыншылықтарды жеңе бастадым" дейді.
14
Серік "Спорт мықты болуды үйретеді. Өмірдің басқа қырларын көрсетеді. Тіпті қиыншылықты жеңіп шығуға жігер береді" дейді.
15
Серік "Мектеп бітіріп жатырмын, ҰБТ-ға дайындалып жүрмін. Спорт академиясына түскім келеді" дейді.
Өмірге өзгеше құштарлық
XS
SM
MD
LG