Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ФОТОРЕПОРТАЖ
Шымкенттегі арзан көкөніс
26 шілде 2017 жыл, 13:28
Дилара ИСА
Шымкенттегі "Жібек жолы" базары қала орталығынан 15-20 шақырым қашықта орналасқан. Мұнда көкөністің бағасы қаладағы бағадан екі есе арзан сатылады. 25 шілде 2017 жыл.
1
Қала шетінде орналасқан "Жібек Жолы" базарына қоғамдық көлік қатынайды. Қала орталығына дейін таксилер 1000-1500 теңгеге алып барады. Шымкент, 25 шілде 2017 жыл.
2
Бұл базарға көбіне қала ішіндегі сауда орындарында көкөніс сататын саудагерлер келеді. Олар мұнда көтерме бағамен сатып алған тауарды қала ішінде екі есе дерлік қымбат бағаға сатады.
3
Жүк көлігіне тиелген қарбыз. Килограмы – 23 теңге.
4
Мұрат Досмағамбетов отбасымен Арыс қаласында 10 жылдан бері қарбыз егумен айналысады. «Ауылда қарбыз 10-15 теңге. Базарда 20-23 теңге. Жер – аренда. Еңбегі –ауыр. Бір тиын болса да еңбегіміз деп осында алып келеміз» дейді ол.
5
Базардағы баға көкөністің қай кезде жұлынғанына байланысты. Бір күн сатылмай қалған кез келген көкөністің бағасы жаңадан жұлынған көкөністен екі есе арзандайды. Жаңа жұлынған қауынның килограмы 50 теңге болса, бір-екі күн бұрын жұлынған қауынның килограмы 25-30 теңге.
6
Базардың негізгі бөлігі төртке бөлінген. Төрт қатар да кең, жүк көліктерінің кіріп шығуына ыңғайластырылған.
7
Базардың екінші қатарында қауын-қарбыз сатылады. 1 килограмм қауын 35-50 теңге, қарбыз 18-23 теңге аралығында тұрады.
8
Саудагер әйел.
9
Бір қап капустаның құны 1000 теңгеге түскен.
10
Сарыағаштық дихан Әлишер Қадіров 50 сотық жерден 18 тонна картоп алғанын айтады. «Басында бір килограмм картопты 180 теңгеден саттым. Қазір 65-70 теңге» дейді ол.
11
Бір килограмм қызанақ – 50-60 теңге, қияр – 65 теңге, болгар бұрышы – 40-45 теңге.
12
Саудасы жүрмеген дихандар 6 тонна қырыққабатты жүк көлігінен жерге түсіріп алған. Қазір килограмын 10 теңгеден өткізе алмай тұр.
13
Жаңаталап ауылында егін егумен айналысатын Ержан маусым айының аяғында бір қап болгар бұрышын 2000 теңгеге сатқанын айтады. «Қазір бір қап (8-9 келілік) болгар бұрышы 500 теңге. Үстіне 100 теңге қосып осындағы саудагерлер сатады. Бұл жерден қаладағы саудагерлер сатып алып, килограмдап сатады» дейді ол.
14
Килограмы 70 теңгелік сәбіз.
Шымкенттегі арзан көкөніс
XS
SM
MD
LG