Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ФОТОРЕПОРТАЖ
Ақылы тұрақта көлік азайды
10 қаңтар 2017 жыл, 17:40
Руслан БОТАЙҰЛЫ
Таңертең Астанадағы теміржол вокзалы алдындағы автотұраққа кірер және шығар жерде көліктер жиналып, ұзын-сонар кептеліс болды. Бұған дейін тегін болған бұл автотұрақ бүгіннен бастап ақылы. Астана, 10 қаңтар 2017 жыл.
1
Астана теміржол вокзалы алдындағы тегін автотұрақ бүгіннен бастап ақылы болды. Астана, 10 қаңтар 2017 жыл.
2
Автотұрақта жарты сағатқа дейін тұру - тегін, ары қарай ақша төлеу керек. Астана, 10 қаңтар 2017 жыл.
3
Автотұрақ қызметін қадағалайтын Астана LRT мекемесінің қызметкерлері бұл көріністі көлік кептелісі деп есептемейді. Олардың сөзінше, тексеру бекетінде бір көлікке бар болғаны үш минут уақыт кетеді. Астана, 10 қаңтар 2017 жыл.
4
Көлік жүргізушілері: "Поезд кестесінен кешікпей келсе, жарты сағат ішінде вокзалдың автотұрағына ештеңе төлемей шығып кетер едік. Бірақ поездар үнемі кешігіп келеді". дейді. Астана, 10 қаңтар 2017 жыл.
5
Таңертең автотұраққа кірер және шығар жерде жиналып қалған көліктерді тарқатуға полиция да көмектесті. Астана, 10 қаңтар 2017 жыл.
6
Астана LRT өкілі Рустам тұрақ алдындағы таңертеңгі кептеліске кейбір жүргізушілердің ақша төлегісі келмегені себеп болғанын айтады. Оның сөзінше, автотұрақты ақылы жасаудың басты мақсаты - күн ұзақ тұратын көліктерді азайтып, басқа жүргізушілерге бос орын тауып беру. Астана, 10 қаңтар 2017 жыл.
7
Теміржол вокзалындағы автотұрақтағы жағдайды тексеруге түстен кейін қала әкімі Әсет Исекешов (ортада) келді. Ол қарамағындағы қызметкерлерге "вокзал алдындағы гүлзарлар мен тас жолдарды кішірейтіп, автотұрақты үлкейтіңдер" деген тапсырма берді. Астана, 10 қаңтар 2017 жыл.
8
Вокзал алдындағы ақылы тұрақта 250 көлікке орын бар. Ал вокзал маңындағы тегін тұраққа шамамен 100 көлік сияды. Астана, 10 қаңтар 2017 жыл.
9
Автотұрақ ақылы болған соң көп орындар босап қалған. Бұрын заңсыз таксистер тұратын мына қатарда бұрын көлік қоятын жеп табылмайтын. Пойыздан түскен жолаушыларды "Такси! Такси!" деп айғайлап қарсы алатын адамдар да бүгін көрінбеді. Астана, 10 қаңтар 2017 жыл.
Ақылы тұрақта көлік азайды
XS
SM
MD
LG