Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ФОТОРЕПОРТАЖ
Ажары қашқан Ащысай
16 қазан 2017 жыл, 11:21
Дилара ИСА
Совет тұсында алдыңғы қатарлы ірі кен орны болған Ащысай ауылында қазір басты проблема – жұмыссыздық. Соңғы ширек ғасырда халқының саны күрт азайып кеткен ауылда негізінен балалар мен қариялар қалған.
1
Ащысай – Шымкент қаласынан 260 километр қашықта жатқан ауыл. Бір кездері 18 мың тұрғыны болған ауылда қазір екі мыңнан сәл асатын адам қалған.
2
Ауылдағы 56 пәтерлік көпқабатты тұрғын үйде жалғыз отбасы өмір сүреді. Кезінде Қазақстанның түсті металлургия саласындағы ірі өндіріс орындарының бірі болған, екінші дүниежүзілік соғысы жылдары Совет Одағында майданға қажетті қорғасынның жартысынан астамын берген кен орнының қазіргі ахуалы мүшкіл. «Ащысай түсті металл» зауытының қаңыраған ғимараттары көзге шалынады.
3
Тозығы жеткен көпқабатты тұрғын үй мен жеке тұрғын үйлер.
4
Екі қабатты барак үйлер мен ауладағы сарайлар және ауыл тұрғынының көлігі.
5
Ащысайдағы көпқабатты тұрғын үйлер.
6
Ауылдағы басты проблема – жұмыссыздық. Суретте: жалғыз сиырын жайып жүрген ер адам.
7
Ащысай ауылындағы мешіт.
8
Ащысайдағы жұмысы тоқтап, қаңырап тұрған «Южполиметалл» зауытының ғимараты.
9
Кен байыту фабрикасы ғимаратының қалдықтары.
10
Жұмысы тоқтаған шахтаның бірі.
11
Ащысай полиметал комбинатының ғимаратының қазіргі қалпы. Кентау қаласы кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Ерлан Аширов бұрынғы «Ащысай түсті металл» зауыты жұмысын қайта жаңғырту үшін 2017 жылғы сәуірде «ГМК Ащысай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Қытай инвесторлары арасында меморандумға қол қойылғанын айтады.
12
Ащысай полиметал комбинаты ғимаратының бүгінгі күйі.
13
Ащысай полиметал комбинаты, Кентау кен байыту фабрикасына алып баратын жол.
14
Кезіндегі Мәдениет үйі.
15
Совет үкіметі кезінде ауыл әкімдігі отырған ғимарат.
16
Тұрғындар ауылдағы "ғимараттардың 80 пайызы бұзылып, 20 пайызы ғана қалғанын, ауылдың ортасында екі сайды жалғап тұрған, жұрт күнделікті пайдаланатын 87 метрлік көпірдің де шіри бастағанын" айтады.
17
1940 жылдары салынған барак үйлердің ауласында ойнап жүрген балалар.
18
Ащысай ауылына ауызсу уақытпен беріледі. Су халыққа 24 сағаттың екі сағатында ғана беріледі.
19
Ащысайда ауыл клубының ауласында орнатылған Ленин ескерткіші. Оңтүстік Қазақтан облысы Кентау қаласы Ащысай ауылы, 5 қазан 2017 жыл.
20
Ауыл дүкені.
21
Табиғаты әдемі, ал тіршілігі тым жұпыны ауылда адам аяғы аз. Суретте: өріске мал айдап бара жатқан әйел.
22
Тозығы жеткен үйдің ауласында ойнап жүрген бала.
23
Арба сүйреп жүрген ауыл тұрғыны.
24
Ащысай ауылы әкімдігінің мәліметі бойынша, екі мыңнан аса тұрғыны бар елдімекенде қазір еңбек жасындағы 387 азамат, 333 мектеп оқушысы мен 180 зейнеткер бар. Ауылдағы тұрақты жұмыс істейтіндердің саны - 191 адам. Ащысайда 4 дүкен, 2 мектеп және бір медициналық амбулатория бар. 65 адам вахталық әдіспен сырт аймақтарда еңбек етеді.
Суретте: Ащысай ауылындағы мектептердің бірі.
Ажары қашқан Ащысай
XS
SM
MD
LG