Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ФОТОРЕПОРТАЖ
Баум тоғайы
30 желтоқсан 2015 жыл, 10:14
Алексей АЗАРОВ
Аяқталып отырған жылы орманшы ғалым Эдуард Баумның туғанына 165 жыл толды. Ғұмырының қырық жеті жылын Верный қаласында (1921 жылғы ақпаннан кейін Алматы болып өзгертілген) өткізген ғалымның атындағы тоғайға бұл күндері жойылу қаупі төніп тұр.
1
Баум тоғайына оңтүстік-батыс жақтан кіреберісте автокөлік және мотоцикльмен жүруге тыйым салынатыны ескертілген жазу ілінген. Алматы, 7 желтоқсан 2015 жыл.
2
Тоғайдың оңтүстік бетінен кірген тұсындағы демалуға арналған орындар.
3
Баум тоғайының оң жағындағы ескі арық ізі. «Терра» компаниясы өкілі Татьяна Утяшеваның айтуынша, тоғайды суғару жүйесі Үлкен Алматы арнасы салынған соң құрғап қалған. Тоғай аумағындағы жылғаға қала ішіндегі ағынды-шайынды сулар қосылатындықтан санитарлық-эпидемиологиялық мекеме мамандары оның суы тоғайдағы өсімдіктерді суғаруға жарамсыз деп тапқан. Қазір тоғайдағы өсімдіктер Үлкен Алматы арнасынан келетін азын-аулақ сумен және жауын-шашын, қар суымен суарылады. 2010 жылы «Терра» компаниясы Баум тоғайын суландыру жүйесін әзірлеген еді. Бірақ оны құрумен айналысып жатқан ешкім жоқ. Алматы, 7 желтоқсан 2015 жыл.
4
Баум тоғайы инфрақұрылымын дамыту бас жоспарында тоғайдағы қаңғыбас жануарларды аулау үшін арнайы қаржы бөлу қарастырылған. «Терра» компаниясы өкілдерінің айтуынша, ол жануарлар тоғайды мекендейтін қырғауылдар мен тоғайға келген адамдарға қауіп төндіреді. Алматы, 7 желтоқсан 2015 жыл.
5
Баум тоғайына келген кейбір адамдар ол жердегі ағаштарға өздері туралы осындай «қолтаңба» жазып қалдырып кетеді. Алматы, 7 желтоқсан 2015 жыл.
6
Баум тоғайында құлап жатқан ағаш діңі. Азаттық тілшісі аралаған кезде тоғай іші едәуір таза, қоқыс жоқ деуге болатындай екен. Алматы, 7 желтоқсан 2015 жыл.
7
Баум тоғайы ішінде соқпақ жол жиі кездеседі.
8
Баум тоғайындағы орталық аллея. Оның бойымен орнатылған бағандардың шамдары жанбайды. Тоғай инфрақұрылымын дамытудың 2012-2025 жылдарға арналған бас жоспарында бұрынғы электр желісін қайта жандандырып, жаңасын тартып, 180 шам орнату көзделген.
9
Баум тоғайы ұзынынан 3,5 шақырым қашықтықта созылып, енінің қалың тұсы 600 метрге дейін жетеді. Оңтүстік беткейінде жақында жөндеуден өткізілген Үлкен Алматы арнасымен жанасады.
10
Алматыдағы Амангелді көшесінде (Қабанбай батыр мен Жамбыл көшелері арасында) 19-ғасырдың аяғынан өмірінің соңына дейін Эдуард Баум тұрған ағаш үй әлі бар. Ағаш бөренелерінен тұрғызылған бұл үй – жергілікті маңызға ие архитектуралық және қала құрылысы ескерткіші саналады. Бұрын бұл үйде Қазақстандағы Қырғызстан елшілігі отырған, қазір онда БҰҰ жанындағы Еуропалық экономикалық комиссия өкілдігі орналасқан. Үй қоршауынан ішке бөтен адамдарды кіргізбейді. Ғимаратты күзетіп отырған полиция қызметкері үйді суретке түсіруге рұқсат етпеді. Алматы, 19 сәуір 2006 жыл.
11
Баум тоғайындағы көрікті жерлердің бірі – емен ағаштар аллеясы. Мұнда кезінде Эдуард Баумның өзі еккен, өсіп тұрғанына жүз жылдан асқан қарт емендер бар. Осы жерде жүгірумен айналысатын тұрғындарды да кездестіруге болады. Алматы, 7 желтоқсан 2015 жыл.
12
Эдуард Баум жарты ғасырға жуық уақыт Верный қаласында өмір сүргенімен, бүгінде Алматы тарихына арналған мұражайда оның жеке заттарынан ешнәрсе жоқ. Мұражайдағы тұрақты экспозицияда тек орманшы-ғалымның суреті және 1905 жылы 29 тамызда Жетісу ауылшаруашылық қоғамы Дүйсенбі Жарқынбаевты қажырлы да шебер бағбаншылығы үшін марапаттаған құрмет қағазында қоғам төрағасы Эдуард Баумның қойған қолы бар.
Баум тоғайы
XS
SM
MD
LG